әл-Фараби кітапханасымен танысу
04.09.2019
Көрулер: 2939
2019 жылдың 4 қыркүйегінде «5В060700 Биология» мамандығының 1 курс студенттері әл-Фараби кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге ҚазҰУ кітапханасының инфрақұрылымы мен қызметі жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер оқырман ережелерімен танысып, кітапханадағы оқырман залдарын аралап шықты.
әл-Фараби кітапханасы қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған бай кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қамтамасыз етілген университетіміздің мақтанышы.
Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.