Кәсіби бағдар ел болашағын қалыптастырады

03.03.2020

Көрулер: 2470

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бакалавриатта «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша маман даярлау ісінде еліміздегі мектептермен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеп келеді. Екі жақты байланыс үздік педагогтарға деген сұраныстан туындап отырғанын жұмыс беруші тарап ерекше ықыласпен атап өтеді. 

Мектеп басшылары «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің өз мектептерінде педагогикалық тәжірибеден жоғары дейгейде дайындықпен өтіп жатқанын кәсіби бағдар жұмысы кезінде алғыспен жеткізеді. Екі тарап келісімі негізінде студенттер кәсіби тәжірибеден өтіп қана қоймай, оқушылардың болашағына мамандық таңдауда қателікке жол бермей, дұрыс таңдау жасауға жағдай жасалып келеді. Соның бір көрнекті дәлелі Алматы қаласындағы № 81 мектеп-гимназия, № 93 жалпы білім беретін мектеп, № 102 жалпы білім беретін мектеп, № 124 мектеп, № 126 мамандандырылған лицей, № 142 мектеп, № 152 мектеп-гимназия, № 156 жалпы білім беретін мектеп, № 172 мектеп-гимназия, Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға  арналған  қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат секілді білім мекемелерінде оқушылармен өткен кәсіби бағдар кездесулері. Кафедра оқытушы құрамының және мекеме басшыларының белсенді қатысуымен өтетін шара жылдан-жылға өз жемісін беріп келеді.