Жаналықтар

«Үздік ғылыми қызметкер 2022»

28.12.2022

     

     Әлемдік ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және отандық ғылымды дамыту стратегиясын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбішев Медеу Ержанұлы 2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпазы.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

29.11.2022

    AL-FARABI UNIVERSITY физика-техникалық факультетінің 4-курс студенті Әбіш Гүлім Өміржанқызы “Bilim-orkeniety” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының республикалық “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТI - 2022” байқауында мәрелі жеңіске жетіп 1 дәрежелі дипломмен, төс белгімен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Ж.Ө. Өмірбековты еске алуға арналған жылсайынғы Республикалық олимпиада өтті

25.11.2022

2022 жылдың 25 қараша күні AL-FARABI UNIVERSITY-нің физика-техникалық факультетінде республикамыздың жоғары оқу орындарының 11 сынып оқушылары мен 1 курс студенттері арасында жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының доценті Жеңіс Өмірбековты еске алуға арналған жыл сайынғы физика пәнінен олимпиада және шахматтан турнир өтті.

Ары қарай оқу >>

Аса жоғары сезімтал наносенсорлер

24.11.2022

22 қарашада қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында Ханиев Бақыт Абайұлының «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алу үшін дайындалған «Фотон әсері бар кездегі шалаөткізгіштік газ сенсорларының электрлік сипаттамалары» атты диссертациялық жұмысын кафедралық алдын ала қорғау өтті. 

Ары қарай оқу >>

Профессор Бақтыбаев Қырғызбайдың 90 жылдығы аталып өтті.

24.11.2022

2022 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры болған Қырғызбай Бақтыбаевтың 90 жылдығына орай «Қазақстандағы ядролық ғылымды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Ары қарай оқу >>

Физика техникалық факультетінің деканы Нұрзада Бейсен және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мөлдір Исанова Сатпаев университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.

22.11.2022

Физика техникалық факультетінің деканы Нұрзада Бейсен және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мөлдір Исанова Сатпаев университетінде 22-23 қарашада өткен «Development of innovation ecosystem: modern methods for stimulating and assessing research and development» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Бүгін 2022 жылдың 21қарашасында AL-FARABI UNIVERSITY кітапханасында Huawei ICT 2022-2023 байқауының Ұлттық финалы өтуде.

21.11.2022

 Оған ҚазҰУ, АЭБУ, ҚБТУ сияқты 10-нан астам университеттің студенттері қатысуда.  Университетімізден 2-турға өткен студенттеріміз: Исламов Ильхам, Манарбекұлы Данияр, Рахметуллина Нуржайнар, Қалимерденова Әйгерім, Қалеке Білдаш, Сайып Назым, Лесбеков Берік, Тулеуов Аян, Оразғалиқызы Жазира, Ризықова Айкерім.

Ары қарай оқу >>

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

21.11.2022

«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының 1 және 4 курс студенттері «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ERASMUS+ бағдарламасы аясында ENTER «Инженерлік бағыттағы оқытушыларды даярлау» жоба нәтижелері

18.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедра жетекшілігімен 15.11.2018 -14.11.2022 уақыт аралығында халықаралық ERASMUS+ бағдарламасы аясында ENTER (EngineeriNg educaTors pEdagogical tRaining 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP) – «ИНЖЕНЕРЛІК БАҒЫТТАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ» жобасы іске асырылды.

Ары қарай оқу >>

"Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы"

16.11.2022

Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушылары Венера Мукамеденқызы, Айжан Олжабекқызы, Бақытгул Болосханқызы және "Стандарттау және сертификаттау" мамандығының студенттерімен "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>