ЭӘДҰ (ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫ) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»

07.04.2017

Көрулер: 1749

2017жылы 7 сәуірде  Астана қ EXPO-2017 бүкіл әлемдік көрмеге арналған  IV халықаралық фараби оқулары аясында Әл Фараби  кітапханасының 408 аудиториясында «Қоршаған орта қауіпсіздігі мен денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ЭӘДҰ (экономикалық әріптестік және даму ұйымы) бағдарламалық бағыттарын  жүзеге асыру»  мультидисциплинарлық секция ЭӘДҰ бағдарламасының сарапшысы Хамидуллина Х.Х. (Ресей)  және  Санитарлық эпидемиологиялық сараптау және бақылау Ғылыми практикалық  орталығының  басшысы Нажметдинова А.Ш., Ұлттық нанотехнологиялық  зертхананың  жетекші мамандары,  биотехнология кафедрасының  мамандары мен әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидемиология және гигиена кафедрасының  мамандарының қатысуымен өтті.  

Секция барысында  нано-бөлшектерді  алу тәсілдерін зерттеуді талқылау және  өзара тәжірибе алмасу, олардың  физико-химиялық  қасиеттері,  биологиялық тиімділіктері бойынша  мәліметтер  берілді. Сонымен бірге  экологиялық мәселелерді  шешу барысында  медициналық және тұрмыстық тағайындау бұйымдарын өндіруде наноматериалдарды  қолдану  мүмкіндіктері бағаланды.

 Форумның күтілген нәтижесі  Қазақстанда  наноматериалдардың  қауіпсіздігін бағалау бойынша ЭӘДҰ (экономикалық әріптестік және даму ұйымы) бағдарламасын  дамытуда  қазақстан мен ресей  химиктері, физиктері,  биологтарфы мен  экологтары, сонымен бірге медиктерінің   халықаралық деңгейде әріптестікті белгілеу болды.