2016 Ж. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИКЛ

12.12.2016

Көрулер: 1848

2016 жылдың  12-15 желтоқсан аралығында  эпидемиология және гигиена кафедрасында  Ресей Федерациясының  Қорғаныс  Министрлігі, С.М. Киров атындағы Әскери- медициналық академиясы,  госпитальды жұқпаларға  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы,  медицина ғылымдарының докторы, профессор  визитинг–профессор Колосовская Елена  Николаевнаның қатысуымен «Жұқпаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында  біліктілікті жоғарылатудың халықаралық  циклі өтті.  Циклға  ТҚҚБД және ТҚҚБ дәрігер–эпидемиологтары, госпитальды эпидемиологтар,  жұқпаны бақылау комитетінің мүшелері, бактериологтар,  вирусологтар,  мемлекеттік  және жеке меншік емдік профилактикалық мекемелердің дәрігерлері,  Қазақстанның әртүрлі облыстарынан ЖИТС пен күресу бойынша орталықтарының мамандары қатысты.

Цикл барысында мынадай сұрақтар қарастырылды:

• Госпитальды эпидемиологияның  жалпы сұрақтары;

•Ресей мен қазақстанда аурухана ішілік жұқпаларға эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру;

• медициналық мекемелерде  жұқпаны бақылауды ұйымдастыру;

• Жұқпаны бақылау жүйесінде микробиологиялық зертханалардың атқаратын рөлі;

• Аурухана ішілік  жұқпалардың  эпидемиологиясы мен  алдын алу шараларының  ерекшеліктері;

• Дезинфекция және стерилизация;

• Эпидемияға қарсы  және алдын алу шараларын  ұйымдастыру; 

 Тыңдармандар мен дәріскерлер  Қазақстан мен Ресейде орын алып отырған  жұқпалардың қазіргі уақыттағы ауқымы жөніндегі ақпараттар мен осы аумақта атқарылған жұмыстар бойынша өзара тәжірибе- пікір алмастырды.