Халықаралық фитнес конгресі өтті
12.04.2018ҚазҰУ-дың спорттық кешенінде V Халықаралық Фараби оқулары аясында халықаралық фитнес конгресі болып өтті.
ҚазҰУ-дың спорттық кешенінде V Халықаралық Фараби оқулары аясында халықаралық фитнес конгресі болып өтті.
ҚазҰУ-да «Аридті аймақтар: табиғат пен қоғамның тұрақтылығы» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті.
ҚазҰУ-да V «Фараби оқулары» аясында журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» Абдул-Хамид Мархабаевтың ғылыми және шығармашылық жолына арналған «Мархабаев оқулары» өтті.
Осыдан бірнеше күн бұрын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби және қазіргі заман» деп аталатын V Халықаралық Фараби оқулары басталды.
Тарихта отызға жуық әл-Фараби бар…
http://www.inform.kz/cn/comsats-uyymy-kazakstandagy-algashky-kenesin-otkizdi_a3209468
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының аясында экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлары мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Инвестициялық белсенділікті ынталандыру: ҚР-дағы даму тенденциясы» тақырыбына халықаралық студенттік онлайн конференциясы өтті.
6 сәуір 2018 жылы ҚазҰУ заң факультетінде «Сандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. V халықаралық Фараби оқулары аясында цифрландыру мен осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін кәсіби түрде заңдармен халықаралық және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Конференцияға Ресей, Финляндия, Испания, Франция және басқа елдердің ғалымдары қатысты.
2018 жылдың 4 сәуірінде V халықаралық Фараби оқулары шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық ақпараттық орталық Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жыл толуына орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталықтың 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссиясының («COMSATS») XXI-ші отырысы өтті. Бұл халықаралық үкіметаралық ұйым кеңесінің отырысы Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте алғаш рет өткізілуде.