Ашық кураторлық сағат «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!»

29.03.2024

Көрулер: 156

ТДМ бойынша Наурыз мерекесін қарсы алу негізінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 3 курс Экоинжиниринг, ТҚжҚОҚ  студенттерімен «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!» тақырыбында эдвайзер НС Бергенева жетекшілігмен ашық кураторлық сағат өткізілді.

 

 

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған.

 

 

Халық таза, жаңа киімдерін киген. Адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.

 

 

Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады.

 

Ұлыстың Ұлы күніне арнап өткізілген кураторлық сағатта студенттер қазақ халқының дәстүрін уағыздай отырып, түрлі ойындар ұйымдастырып, викторинаға қатысқандарға сыйлықтар таратты, шәшу шашты.