Халықаралық Эразмус + жобасының басталуы

20.03.2024

Көрулер: 122

Эразмус + CBHE Strand1 LESLIE - "Land Management, Environment&SoLId-WastE: inside education and business in Central Asia" ("Орталық Азиядағы білім мен бизнестегі жер ресурстарын, қоршаған ортаны және қатты қалдықтарды басқару" (LESLIE)) жобасын іске асыру басталды.

 

LESLIE жобасы Орталық Азия университеттері де, жер, су ресурстарын тұрақты басқару, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы бизнес-құрылымдар да пайдаланатын әлеуетті дамытуға бағытталған.


Испания, Валенсия Политехникалық Университетінде жобаны болашақта жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Кеңеске ЕО-ның 3 елінен (Испания, Италия, Кипр Республикасы) және Орталық Азияның 2 елінен (Қазақстан және Өзбекстан) 14 ұйым қатысты. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының география және табиғатты пайдалану факультетінің және физика-техникалық факультетінің жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының оқытушылары х.ғ.к., аға оқытушы Г.М. Минжанова және жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары  Ж.К. Шортанбаева осы кеңестің жұмысына қатысты.


Кездесу барысында келесі міндеттер егжей-тегжейлі қарастырылды:
- Жоба үйлестірушілері анықталды;
- Сайттың сипаттамалары мен жоба логотипі талқыланды;
- Халықаралық хаб құру;
- Жобаның әрбір қатысушысының жұмыс пакеттері мен міндеттері егжей-тегжейлі қаралды;
- Жобаны іске асыру кестесі бекітілді.
Жобаны іске асыру мерзімі: 3 жыл.