Scopus және Web of Science журналдарында мақала жазу бойынша жас ғалымдарға арналған екінші практикалық семинар өтті

18.03.2024

Көрулер: 127

16.03.2024 ж. факультеттің Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) төраймы Турсумбаева Мадина Оразгазиевнаның ұйымдастыруымен  Scopus және Web of Science журналдарында мақала жазу бойынша екінші практикалық семинар өтті.

Бұл іс - шарада шақырылған қонақ – PhD Дәурен Алмасұлы Байсейтов, Scopus және Web of Science (Хирш индексі-11) базаларында 25 ғылыми мақаланың авторы сөз сөйледі. Ол ғылыми зерттеулерді жариялау саласындағы тәжірибесі мен сараптамасымен бөлісті.

Бұл іс-шарада келесі мәселелер талқыланды:

  • Scopus дерекқорымен қалай тиімді жұмыс істеу керек.
  • Зерттеулеріңізді жариялау үшін дұрыс журналдарды қалай таңдауға болады.
  • «Күмәнді» журналдарды қалай тануға болады.