Жапониядан келген студенттеріне арналған рекреациялық география және туризм кафедрасының м.а доценті, PhD, Гүлбарам Амантайқызы Құлахметованың ашық дәрісі

16.03.2024

Көрулер: 126

15 наурыз күні География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының м.а доценті, PhD, Гүлбарам Амантайқызы Құлахметова Жапониядан келген студенттерге қызықты дәріс оқыды. Шара екі ел арасындағы мәдени және ғылыми білім алмасуға арналған іс-шара ТДМ 4 "Сапалы білім" және ТДМ 17 "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" жетістіктерінің индикаторларының бірі болып табылады.

 

Дәріс белсенді пікірталас және ақпарат алмасу жағдайында өтті. Гүлбарам Амантайқызы студенттерге Қазақстанның табиғи ресурстары мен экологиялық мұралары туралы кең көлемде ақпарат берді, сонымен қатар еліміздегі қоршаған ортаның қазіргі жағдайы туралы деректермен бөлісті.

 

Жапониядан келген студенттер Қазақстанның экологиялық проблемалары мен жетістіктеріне үлкен қызығушылық танытты. Олар көптеген сұрақтар қойып, Қазақстанда табиғатын сақтауда қолданылатын стратегияларға таңданысын білдірді.

 

Гүлбарам Амантайқызы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, студенттерді экологиялық зерттеулер мен жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Бұл дәріс Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени және ғылыми алмасуды дамытудағы тағы бір қадам болды, сондай-ақ екі елдегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы хабардар болуды арттыруға ықпал етті.