«Геодезиядағы сандық технологиялар» ғылыми-тәжирибелік семинар

26.02.2024

Көрулер: 112

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары О.С. Курманбаев пен А.У. Бекжанованың ұйымдастырумен «ГеоМастерА» ЖШС-нің мамандарының қатысуымен «Геодезиядағы сандық технологиялар» ғылыми-тәжирибелік семинары өткізілді.

Кездесуге Бас директордың орынбасары Жалилов Лутпулла Летипұлы, жаңа технологияларды енгізу маманы Щекутеев Александр Ерғалиұлы арнайы келді. Сонымен қатар, факультет бойынша геодезия және картография, жерге орналастыру және кадастр маммандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.

"ГЕО Мастер А." ЖШС-топографиялық-геодезиялық жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын сервистік компания. "ГЕО Мастер А." ЖШС командасы Қазақстан Республикасының аумағында далалық ізденістерді орындайды. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жұмыстарына Мемлекеттік лицензиясы бар.

Компанияда жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін тиісті инфрақұрылым, қажетті көлік құралдары және басқа жабдықтар бар.

Топографиялық-геодезиялық ізденістер:

- Жоспарлы - биіктіктегі түсірілім геодезиялық желілерін құру;

- 1:10000 - 1:200 масштабында графикалық және цифрлық Топографиялық жоспарлар құру;

- Желілік құрылыс объектілерін камералдық және далалық трассалау;

- Жөндеу және өзге де жұмыстар кезінде жасырын жерасты құрылыстарын анықтау бойынша геодезиялық жұмыстар;

- Ландшафтты жобалауға арналған геодезиялық жұмыстармен айналысады.

Сонымен қатар, құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық жұмыстар:

- Ғимараттардың бөлшектеу негізін, бөлшектері мен құрылымдық элементтерін табиғатқа шығару;

- Ғимараттардың ішкі бөлінуі;

- Атқарушы геодезиялық түсірілім;

-  Ғимараттардың геометриялық параметрлерін геодезиялық бақылау;

- Жабдықтарды монтаждау, кран астындағы жолдарды салыстыру және тік бағандарды, құрылыстар мен элементтерді тексеру кезіндегі геодезиялық жұмыстар;

- Жер жұмыстарының көлемін есептеу және бақылау жүргізіледі.

Бұл компанияда жұмыс тәжірибесі мол жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Олар Leica Geosystems (Швейцария) жетекші өндірушісінің барлық аспаптары мен жабдықтарын қолданады. Атап өтетін болсақ,

 - Геодезиялық жабдық:

Leica GPS 1230GG (база+ровер)

TCR 407, TS 805, TS 02 тахеометрлері

Na 720-730 деңгейлері;

RD-4000 құбыр-кабель детекторлары;

Лазерлік рулеткалар-DISTO;

Аталған фирманың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша кез келген күрделіліктегі жұмыстарды орындайтын 8 толыққанды бригадасы бар.

Қысқа мерзім ішінде бұл компания нарықта сенімді позицияға ие және клиенттеріне сайт арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік беретін ең заманауи шешімдерді ғана ұсынады.

Құрылғаннан бастап компанияға жаңа мамандар енгізіліп, техникалық қолдау, жөндеу, дилерлермен жұмыс бөлімі ашылған.

"ГЕО Мастер А" ЖШС компаниясы баға жетпес тәжірибесін, біздің кафедрамызда«Геодезия және картография» бағытында білім алып жатқан  студенттерді теориялық білімдерін толықтыру мақсатында пайдаланып отырмыз.

Екі жақты меморандум арқасында қазіргі таңда студенттеріміз аталған компанияның зертханасын пайдалана отырып сабақтар жүргізілуде.

Жалпы бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – теориялық біліммен шыңдалған болашақ мамандар мен оқытушыларды жаңа заманауи Геодезиялық аспаптармен таныстыру.

Кездесу барысында студенттер мен ПОҚ геодезиялық жұмыстар мен заманауи технологиялары туралы құнды ақпараттар алды.