Мұнай кәсіпшілігі және пайдалы қазбалар кен орындары аудандарындағы топырақтың экологиялық жай-күйін қарастыру

14.12.2023

Көрулер: 339

12.12.23 жылы әл Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары б.ғ.к.доцент Б. Е.Шимшиков және б.ғ.к. доцент Г.А. Мұқанова Маңғыстау облысы бойынша экология Департаментімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Әңгімелесу барысында экология департаменті бастығының м.а. М.Х. Галымов мегажобаны орындауға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, мұнай кәсіпшілігі мен пайдалы қазбаларды өндіру орындарында топырақ жамылғысының қазіргі жай-күйі және техногендік бұзылған топырақты қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Аумақтың шөлейттенуі кезінде топырақтың эрозиялық процестерін дамыту және жайылымдық жерлердің деградациясы мәселелері қарастырылды.