«Логистика және дипломатия» атты VIII халықаралық семинар өтеді

28.09.2023

Көрулер: 394

2023 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтының ұйымдастыруымен халықаралық қатынастар факультетінде «Логистика және дипломатия» атты VIII халықаралық семинар өтеді. Бұл семинар SEFACIL қоры (Франция), Ресейді және Орталық Азияны зерттеу орталығы (Дж. Неру университетінің халықаралық зерттеулер мектебі, Үндістан), Ле Гавр Нормандия университетінің LEXFEIM зерттеу орталықтарымен (Франция) бірлесіп өткізіледі. Бұның алдындағы семинарлар 2014, 2017 және 2021 жылдары Алматыда; 2018 және 2022 жылдары Бішкекте; 2021 жылы Ташкентте; Душанбеде 2023 жылы ұйымдастырылған болатын.

Семинардың мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі транзиттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша сарапшылардың пікірімен алмасу, логистикалық мәселелерді шешудегі дипломатияның рөлін, сондай-ақ оның негізгі бағыттарының даму перспективаларын талқылау. Ғылыми семинарға шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, практик қызметкерлер қатысады.

Өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр к/сі, 95А, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің 226 конференц-залы.