«Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі

16.09.2023

Көрулер: 375

2023 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10.00-17.00 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар мен Шығыстану факультеттері, сонымен қатар «Steppe & World Publishing» баспасының ұйымдастыруымен «Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі өтеді. Осы күні көрмеде қойылған кітаптар арнайы 20% жеңілдікпен сатылады. Барлық қатысушылар QR code арқылы алдын ала тіркелуден өтуі қажет. Ең алғашқы тіркелген 40 адам сағат 15.00-де басталатын «Steppe & World Publishing» баспасының директоры Раиса Қадыр және бас редакторы Назгүл Қожабекпен өтетін кездесуге тегін қатысуға мүмкіндік алады.

Өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр к/сі, 95А, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің 226 конференц-залы.