"Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі" атты дөңгелек үстелі

20.09.2022

Көрулер: 1121

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп "Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі" атты дөңгелек үстел өткізеді.

Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық етуі аясында Кеңесті өңірлік ұйымға трансформациялау маңызды мәселе болып қала береді және АӨСШК қызметін сараптамалық сүйемелдеу, АӨСШК Талдамалық орталықтарының әлеуетін оларды тұрақты жұмыс істейтін диалогтық платформаға түрлендіру арқылы күшейту қатысушы елдердің өзара іс-қимылының өзекті бағыты болып саналады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – АӨСШК қызметінің өзекті мәселелері және форумды шақырудың бастамашысы ретінде Қазақстан Республикасының осы алқалы жиынмен ынтымақтастығының бағыттары бойынша сарапшылардың пікір алмасуы.

Дөңгелек үстелде талқылауға арналған негізгі сұрақтар:

  • қауіпсіздік тетіктерінің эрозиясы, сауда және санкциялық соғыстардың жағдайында Азия құрлығындағы сенім шаралары жүйесін дамытудың мәселелері мен келешегі;
  • даулы мәселелер бойынша сындарлы келіссөздерді қамтамасыз ету және қарама-қайшылықтарды пайда болған сәтінен бастап бетін қайтару;
  • лаңкестікке қарсы іс-қимылдың бірлескен жүйелі тәсілдерін және АӨСШК елдерінің аумағында қатерлердің алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттілігі;
  • кеңеске қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне серпін беру үшін қосымша ынталандыруларды әзірлеу мүмкіндіктері;
  • жаңа қатерлер мен тәуекелдер алдында халықаралық құқықты жетілдіру мәселелері.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР СІМ өкілдері, шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысады.

Сіздерді қатысуға шақырамыз. Шараға қатысатындығыңызды баяндама тақырыбын 27 қыркүйекке дейін жіберу арқылы растауыңызды сұраймыз.

Ресми тілдері: қазақ, орыс.

Өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 95, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті. Р. Е. Елемесов атындағы Зал (328 аудитория).

Өтетін күні: 2022 жылғы 5 қазан, сағат 10.00

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдің үйлестірушісіне хабарласуыңызға болады: Ермекбаев Адильбек Алпысбаевич,

тел. +7 (700) 771-52-17

e-mail: adilbekea@gmail.com