Халықаралық құқық пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада

24.03.2022

Көрулер: 1545

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен  іс-шаралар шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  халықаралық қатынастар факультеті 2022 жылдың 30 сәуір күні, сағат 10.00-де  Халықаралық құқық пәні бойынша  республикалық студенттік  олимпиаданы  онлайн режимінде өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты:

Студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; білім алушылардың кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік сана-сезімін, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі таныту және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау; студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.

Олимпиада  өтетін орын:

Алматы қ., Қарасай батыр к-сі 95, Халықаралық қатынастар факультеті.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Қатысушыларға  қойылатын талаптар:

5В030200 - «Халықаралық құқық», 6С0042 - «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша оқитын бакалавриат ЖОО-ның 3-ші және 4-ші курс студенттері қатысуға шақырылады.

Бір   ЖОО-нан  қатысушылардың  ең көп саны 3 адамды құрайды.

Олимпиада үш турдан тұрады. Олимпиадаға қатысу үшін  2022   жылдың  6 сәуіріне  дейін мына  сілтеме бойынша тіркелу қажет:  https://onlinetestpad.com/dispkua7uqjoo

Олимпиада ережелерімен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады:  https://kaznu.kz/ru/25561/page/

Барлық сұрақтар бойынша Олимпиада  ұйымдастырушысы Нысанбекова Ләззат Бегімжанқызына +7 (701) 5553581 (Whatsapp) нөмірі арқылы  немесе debateclub.lex@gmail.com электрондық пошта арқылы  хабарласуыңызды    сұраймыз.