«Жас отбасы» конкурсы
Көрулер: 4035
Білім беру жобасына негізделген конкурстың бағдарламасы белгілі адамдармен, дөңгелек үстелдермен және мастер-класстармен, сондай-ақ жас жұптарға арналған арнайы конкурстық бағдарламамен өтеді.
Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сырттай (шарты www.youngfamily.kz сайтында) бетпе-бет кездесу форматында өтетін финалға іріктеу ретінде қызмет етеді.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар мен серіктестерден ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар алады. Конкурстың серіктестері мен демеушілері тағайындаған ақшалай сыйлық қоры 1 600 000 теңгені құрайды.
Конкурстың негізгі идеясы: қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру және отбасылық білім берудің бастауында отбасылық қаржыны басқаруды дағдыландыру арқылы ажырасу санын азайту.
Конкурстың мақсаты: жас отбасылардың беделін насихаттау, қаржылық сауаттылықты дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті, реализм мен прагматизмді қалыптастыруға негізделген жас отбасылардың қоғамдық санасын модернизациялау.
Конкурстың сайты: www.youngfamily.kz
Конкурстың өткізулі кезеңі: 2018 жылдың ақпан – маусым айы.
Конкурстың басталуы: 2018 жылдың ақпан айы.
Конкурс қорытындысы мен сыйлықтарды табыс ету уақыты: 2018 жылдың маусым айы.
Қатысушылар жасы: 18-30 жас аралығындағы жас отбасылар.
Конкурстың ақпараттық серіктестері
- · ҚР Ұлттық кітапханасы
- · «Атаменкен» қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы
- · Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
- · «Атамекен» іскер әйелдерінің кеңесі
- · Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
- · «Алтын Дән Қазақстан» ЖШС («Altyn Dan Kazakhstan»)
- · «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ (МАИН)
- · «YuStudy» білім-беру орталығы
- · «Жана Ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебі
- · Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы ЖК
- · әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Конкурстың демеушілері:
- · МКО «KMF»
- · «Акжол Tour» туристік агенттігі
- · «Школа финансовой грамотности Айгуль Абдраимовой» ЖШС
- · «Makeup_Shymkent» сән салоны
- · «У Натальи» перде салоны
- · «Almuar» жиһаз салоны
- · «GRACE»,дене эстетикалық салоны
Конкурстың таралуы: Әлеуметтік желілерде, баспа және онлайн басылымдарда, YouTube арнасындағы каналдарда «тікелей эфир».
Конкурстың өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы 14, Абылай хан көш. қиылысындағы «ҚР Ұлттық Кітапханасы» ғимараты.
Конкурсқа қатысу үшін сайт арқылы тіркелу қажет:
www.youngfamily.kz соңғы мерзімі 23.02.2018 ж.
Қалған сұрақтар бойынша: +7 747 675 43 37 немесе +7 701 951 79 91