«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЛИДЕРЛІК ДӘРІС

02.09.2019

Көрулер: 1818

   2019 жылы 2 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтарының 1-курс студенттері үшін лидерлік дәріс өтті.

   Спикерлер ретінде ҚР Ұлттық Банкі банктік реттеу департаментінің бас маманы Әлібеков Азат, "BS2" компаниясының бас бухгалтері Жамбыл Айжан, «Europharma» АҚ басқарма Төрағасы Руслан Берденов сөз сөйледі.

   Барлық шақырылған дәріскерлер жас студенттермен өз тәжірибесімен және жетістіктер тарихымен бөлісті.

  "Есеп және аудит" кафедрасының түлегі Жамбыл Айжан өзінің жұмысы, бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру, қазіргі уақытта бухгалтерге қойылатын талаптар, біліктілікті арттыру арқылы кәсіби өсудің қажеттілігі туралы айтып, университет қабырғасында студенттік өмір туралы естеліктерімен бөлісті.

   Әлібеков Азат қазіргі экономикалық жағдайда аудитор-қаржыгер мамандығының қажеттілігін атап өтті.

   Руслан Берденов болашақ қаржыгерлер мен бухгалтерлерге тек іргелі теориялық білім ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің алдында бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер ететін практикалық дағдыларды алуға кеңес берді.

   Бірінші курс студенттері кәсіби мамандарға қызығушылықпен сұрақтар қойып, пікір алмасты.