Литва профессорларының іс сапары

05.05.2019

Көрулер: 3259

ERASMUS + бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетіне Литваның Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің профессорлары Dr. Edgar Sokolovskij мен Dr. Jonas Matijošius іс сапармен келді.

Сапардың мақсаты - механика саласында тәжірибе мен білім алмасу. Олар қысқа мерзімді сапарларын механика кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін «Жол-көлік оқиғаларын тексеру» (профессор Dr. Edgar Sokolovskij) және «Көлік машиналарының іштен жану қозғалтқыштары үшін биоотын» (профессор Dr. Jonas Matijošius) тақырыптарында дәрістер оқуға арнады.

Сапар барысында механика кафедрасының профессорлық - оқытушылық құрамымен кездесу өтті. Кездесу барысында механика саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселелері қаралды.

www.kaznu.kz

 

Механика кафедрасы