Шәкіртақы

10.12.2018

Көрулер: 1816

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Онда шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің GPA-ы жоғары және аз қамтылған отбасыдан шыққан жеті студент 800 мың теңгеге жуық шәкіртақы алды.

Бұл іс-шара Сеул қаласындағы Шинхан банктің штаб-пәтері 1996 жылы құрған «Надежда» қорының қолдауымен өткізіледі. Қор – 1996 жылдан бері әлем бойынша барша студенттерге стипендия берумен қоса, ғылым, мәдениет және шығармашылық қызметке секілді алуын түрлі салаларда көмек көрсетумен айналысады. «Қазақстан Шинхан Банк» акционерлік қоғамы он жыл бойы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті студенттеріне қаржылық көмек көрсетіп отыруда. Жыл сайынғы студенттік шәкіртақы, студенттерде оқуға деген құлшынысты ашуға үлкен үлес болып, Қазақстандағы Кореяға қатысты зерттеулерді дамытуға және Кореяның имиджін арттыруға көмегін тигізеді.

«Қазақстан Шинхан Банк» акционерлік қоғамында жыл сайын Қиыр Шығыс кафедрасының Корейтану бөлімі студенттері кәсіби тәжірибеден өтіп, ол жас маманға керемет тәжірибелік база болып табылады.

Біз, осындай іс-шаралар студенттердің корейтануға деген қызығушылығын көтеріп, «Шинхан банк Қазақстан» АҚ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы оқу-білім және ғылым салаларындағы қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетініне сенімдіміз.