Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

22.04.2019

Көрулер: 2503

Алматыда Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің түрлі қоғамдық ұйымдар басшыларымен және Қазақстандағы корей диаспорасының белсенді өкілдерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ корей ұлтының танымал ғалымдарымен сұхбат өткізілді.

Атап айтқанда, «Кахак» Корей ғылыми-техникалық қоғамының президенті, 2л-Фараби ҚазҰУ кафедра меңгерушісі профессор Григорий Алексеевич Мунмен кездесуі жемісті болды. Қысқаша отырыста профессор Г.А. Мун Президент Мун Чжэ Инмен ҚазҰУ ғалымдары тарапынан жасалыпжатқан жұмыстары және іргелі идеяларымен бөлісті.

Атап айтқанда, профссор Г. Мунмен жетекшілік ететін қазақстандық ғалымдар тобы қазіргі ғылымда болып жатқан трансформацияларды түсіну негізінде ғылымның жаңа философиясын табысты дамытады. Ол, соның ішінде, инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы философтар, химиктер, физиктер мен мамандардың күш-жігерінің арқасында құрылған "Ғылым тарихы мен философиясы" атты жаңа бірегей оқулық түрінде көрініс тапты. Оқулық 2018 жылы ҚазҰУ-да жарық көрді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратураның барлық мамандықтары үшін ҚР Білім және ғылым министрілігі тарапынан ұсынған.

Бұл оқулықтың басты тезистерінің бірі ғылымның жаңаруы, оның философиялық негізі барлық адамзат мүддесінде жүзеге асырылуы тиіс деген іргелі түсінік болып табылады, мұнда барлық халықтар тең құқылы болуы тиіс. Бұл тезисті Оңтүстік Кореяның саяси және бизнес элиталары да толықтай қолдайды.

Мемлекетаралық өзара іс-қимылдың табысты болуына еліміздің жетекші университеттерінің белсенді қызметі ықпал ететінін атап өткен жөн. Сонымен, ҚазҰУ бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяның 47 университі мен ұйымымен тікелей қарым-қатынас орнатып, олармен 52-ден астам екіжақты келісімге қол қойды.

 

Органикалық заттардың химиясы мен технологиясы,

табиғи қосылыстар мен полимерлер

химиясы және технологиясы

кафедрасы                                                               

 

www.kaznu.kz