Бизнеске арналған конференция

30.04.2019

Көрулер: 2833

Алматыда «B2B – Бизнеске арналған бизнес 2019 технологиялары» бойынша Қазақстан-Корей іскерлік конференциясы өтті.

Ғылыми конференция жұмысына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, ҚазҰУ-нің ғылыми-технологиялық паркі, KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы мен бизнестің әр түрлі салаларындағы технологияларды дамытатын сегіз халықаралық компания қатысты.

Конференция барысында Корей шағын және орта кәсіпорындары мен KOSME стартаптары агенттігі корей компанияларының Қазақстандық бизнеске жаңа технологияларды беруді қарастыратын халықаралық технологиялар алмасу бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.

Кездесу аясында конференцияда екі ел арасында технология алмасудың тамаша платформасы болатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі базасында бірлескен технологиялар трансферті орталығын құру туралы ұсыныс айтылды.

www.kaznu.kz