Корея республикасы президентімен кездесу

22.04.2019

Көрулер: 2875

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Корея Республикасының Президентімен кездесті. 21-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Ин мырза Орталық Азия елдеріне сапары шеңберінде Қазақстанға мемлекеттік іс-сапар барысында  келді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында халықаралық, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастық бойынша қос тараптың мәселелері, сондай-ақ, Корей түбегіндегі жағдай туралы мәселелер талқыланды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу жоспарланған Нұр-Сұлтан қаласына сапарының алдында Мун Дже Ин мырза Алматыға тоқтап, Қазақстандағы корей диаспорасы өкілдерімен және Оңтүстік Корей азаматтарымен кездесу өткізді.

Этникалық корейлер мен Оңтүстік Корея азаматтары және Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Rixos қонақүйіндегі ресми кездесуге қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасында 6 этникалық корей оқытушылар мен Оңтүстік Кореядан келген жеті оқытушы жұмыс істейді. Президент өзінің құттықтау сөзінде этникалық корейлердің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық деңгейді көтеруге белсенді түрде ат салысып жүргендігін, олардың қазақстандықтар арасында беделінің жоғары екендігін мақтан тұтатындығын атап көрсетті. Ол қонақжай Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан халықтар арасындағы жылы қарым-қатынас үшін қазақ халқына алғысын білдірді.

Президенттің Алматы қаласындағы сапары барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 20 корейтанушы түлектері мен студенттері ресми аудармашы ретінде жұмыс істеді. Кездесудің қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне аудармашылардың білікті көмегі үшін алғыс білдірді.

www.kaznu.kz