Ашық есік күні

29.04.2019

Көрулер: 3302

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – Алматы қаласының оқушыларын шығыстану факультетінің ерекшеліктерімен және ЖОО-ға қабылдау туралы ережелері жөнінде ақпарат беру.

Іс-шараға Алматы қаласының орта мектептерінің, гимназиялар мен лицейлердің оқушылары қатысып, оларды Жапония, Корей, Үндістан, Түркия және Қытайдың ұлттық киімдерін киген бірінші курс студенттері қарсы алды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жетекшілері студенттерге Шығыстану факультетінің әр бөлімінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Мектеп оқушылары факультет мұражайына, оқу залдары мен аудиторияларын аралады. Барлық қызығушылық танытқан студенттерге буклеттер берілді. Әрбір студент өз сұрағына жауап ала алды. Іс-шараның ресми бөлігінде деканның орынбасары Ш. Қанафиева мен кафедраның спикерлері «Шығыс тілін оқытудың артықшылығы қандай?» тақырыбында баяндамаларын баяндады.

Қиыр Шығыстың «Ашық есік күніне» орай Жапонтану кафедрасының бірінші курс магистранты және екінші курс студенті оқушыларға Жапониядағы оқу тәжірибесі туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер жапон тілінде шеберлік-сағатын өткізіп, оқушыларға оригами жасауды үйретті.
Жалпы, жыл сайынғы «Ашық есік күні» сәтті болды. Бұл мектеп оқушыларының шараға белсенді қатысуымен және шығыс тілдерін үйренуге деген қызығушылық танытуымен дәлелденді.

www.kaznu.kz