Лекции профессора Оливьера Ботелла

26.04.2019

Көрулер: 3284

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне Францияның Нанси университетінің профессоры Оливьер Ботелла іс сапармен келді. Ол өзінің қысқа мерзімді сапары барысында қос дипломдық бағдарлама бойынша механика кафедрасының «Геоэнергетика» мамандығында білім алушы магистранттарға дәріс оқыды.

Сапар барысында механика және математика факультетінің басшылығымен кездесу өткізіліп, екі университет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуы, атап айтқанда, механика және энергетика, сондай-ақ математикалық мамандықтар бойынша бірлескен білім бағдарламаларын (Joint Programme) әзірлеу және жүзеге асыру жайы талқыланды.

www.kaznu.kz

Механика кафедрасы