Саяси пікірталас алаңы

04.04.2019

Көрулер: 2419

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрі, қоғам дамуының түрлі бағыттары бойынша өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау бойынша ашық алаң болып табылады. Аталмыш шара аясында Саясаттану және саяси техгологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен "Партиялар мен партиялық жүйелер: посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі" атты пікірталас өтті.

Пікірталас алаңына cаясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары, оқытушы-профессор құрамы және де шетелден келген құрметті қонақтар қатысты.

Саяси ғылымдарының кандидаты, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің доценті Николай Борисов посткеңестік мемлекеттердің партиялық жүйелері туралы баяндамасын оқыды. Бұдан кейін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы, доцент Юрий Булуктаев ҚР-ның партиялық жүйесі туралы баяндамасымен көпшілік қауымды таныстырды.

Сондай-ақ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының магистратурасының 2 курс студенті, "Жас Отан" жастар партиясының төрағасы Мади Ахметов пен профессор, саяси зерттеулер ассоциациясының президенті Есенжол Алияров аталмыш тақырып бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар шара барысында студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, көптеген жаңа ақпараттармен танысты.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы

www.kaznu.kz