Пәндік олимпиада

30.03.2019

Көрулер: 2642

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  философия және саясаттану факультетінде саясаттану мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Байқауға барлығы үш қаланың 13 командасы қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды атап айтар болсақ "Қош келдің командалар", "Интеллектуалды ойын", "Пікірталас". Бірінші кезеңде  командалар «Саясат, кәсіп және мамандық ретінде» тақырыбында бейнеролик дайындап,  өз командаларын ұсынды, сондай-ақ «Саяси ғалым» мамандығын бейнеледі. Ал екінші кезеңде интеллектуалды ойын болды, әрбір топ өз кезегінде түрлі санаттардағы сұрақтары бар ұяшықтарды таңдайды. Аталмыш кезеңнің сұрақтары  үш тілде жинақталып қиындық деңгейіне қарай бөлінді. Бірінші және екінші кезеңдерде ең көп ұпай жинаған 6 команда финалға өтті. Финалда командалардың басшылары арасында саяси пікірталастар өткізілді.

Олимпиада өте серпінді және қызықты өтті, сонымен қатар студенттердің оң әсерлерін қалдырды. Олимпиада соңында жеңіске  ҚазҰУ-дың 2-курс студенттерінен құралған  «Жаңа Қазақстан» командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар  барлық командалар саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының атынан  сертификаттармен және де естелік сыйлықтармен   марапатталды.

«Саясаттану» мамандығы бойынша республикалық олимпиаданың өткізілуі  дәстүрге айналып, жыл сайын олимпиадаға қатысқысы келетін командалар саны ауқымды түрде артып келеді. Олимпиадаға қатысу болашақ саясаткерлердің кәсіби білімдерін жетілдіріп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі, зерттелетін пәнге және таңдаған мамандығына қызығушылықтарын арттырады.

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы

www.kaznu.kz