ДЕНИС УЛАНОВ РЕСМИ ТҮРДЕ РИО-2016 ОИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

13.11.2018

Көрулер: 2168

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Денис Уланов салтанатты түрде 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалімен марапатталды. Уланов Денис – «дДене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша екінші курс студенті. Спортшыны IWF президенті Тамаш Аянның өзі марапаттады. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы Олимпиадада Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орынды иеленді. Осы категориядағы «қола» жеңімпазы Румыниялық ауыр атлет Габриель Синкраян тыйым салынған препараттарды қолданудануына байланысты, оның нәтижесі жойылды. Осыған байланысты Денис Уланов үшінші орынға көтерілді.

Құттықтаймыз!