“Marketrend” ІІ Республикалық студенттік олимпиадасы

26.04.2018

Көрулер: 2886

“Marketrend” ІІ Республикалық студенттік олимпиадасы

26 сəуірде НАРХОЗ университеті қабырғасында “Marketrend” атты ІІ Республикалық студенттік олимпиада өтті. Бұл жерде Экономика жəне Бизнес Жоғарғы Мектебінің “Маркетинг” мамандығының 3 курс студенттері ІІ дəрежелі дипломды иеленіп жеңімпаз атанды. “Отряд Х” командасының Ғылыми жетекшілері “менеджмент жəне маркетинг” кафедрасының аға оқутышысы Зауреш Болатхановна жəне оқытушы Рысбаева Бақытгүл Бақытқызы болып табылады.

Байқауға біздің кең ауқымды еліміздің түкпір-түкпірінің жоғарғы оқу орындарының командалары қатысты. Екі кезеңнің нəтижесі бойынша команданың презентациясы мен шыққан жəне жұмыс берушілерден нақты бизнес-кейстің шешімімен финалисттер анықталды.      Біздің студенттеріміз еліміздің дамып келе жатқан компанияларында ақылы тəжірибе өтуге ұсыныс алды. Бұл əл-Фараби атындағы КазҰУ студенттері оқу орнын бітірмей тұрып жұмысқа тұратындығын дəлелдейді.