2018 жылдың сәуір айының 21 Алматы қаласында дзюдодан Азия Кубогі басталды

25.04.2018

Көрулер: 3300

2018 жылдың сәуір айының 21 мен 22 аралығында «Халық-Арена» спорт кешенінде дзюдо федерациясының құрметті президенті Б.Махмутовқа арналған дзюдодан жастар арасында Азия Кубогі жарысы өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2 курс студенті Жұбатқан Сұңғат 66 кг салмақ дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды. Бұл жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корей дзюдошылары күресті.