әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институты

Биология және биотехнология мәселелері

ғылыми зерттеу институты

Институт 1993 жылы биология факультетінің базасында, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру және халық шаруашылығы үшін жоғары маманданған кадрлар дайындау мақсатында құрылған. 2003 жылы Қазақстан республикасының ұйғарымы (№ 984 6 қыркүйек 2002 ж) бойынша институт «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті» РМК «Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Иституттың алғашқы директоры институтқа 1993 жылдан 2000 жыл аралығында жетекшілік еткен биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін институт директоры биология ғылымдарының кандидаты, доцент Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы.

Доктор биологических наук, профессор

Тулеуханов Султан Тулеуханович

Кандидат биологических наук, доцент

Бисенбаев Амангельды Куанбаевич

Институт құрамында 12 ғылыми-зерттеу лаборатория және 5 бөлім бар.

Институт бөлімдерінде биология мен биотехнологияның фундаментальді және қолданбалы мәселелері зерттеледі. Бұл мәселелердің көпшілігі тек институт қабырғасында өңделеді. Микробиология бөлімі (бөлім меңгерушісі ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., проф. М.Х. Шигаева)

- жалпы микробиология лабораториясы (лаб.меңгерушісі ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., проф. М.Х. Шигаева)

- қолданбалы микробиология лабораториясы (лаб.меңгерушісі б.ғ.д., проф. А.А. Жұбанова)

Генетика және молекулалық биология бөлімі (бөлім меңгерушісі б.ғ.д., проф. К.Қ. Шүлембаева)

  • молекулалық генетика лабораториясы (лаб.меңгерушісі б.ғ.к., доцент А.Қ. Бисенбаев)
  • генетика және өсімдіктер селекциясы лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. К.Қ. Шүлембаева);
  • Генетика және өсімдіктер селекциясы лабораториясының меңгерушісі б.ғ.д., профессор К.Қ. Шүлембаева;
  • Биохимия және биотехнология бөлімі (бөлім меңгерушісі б.ғ.д., проф. А.Т. Иващенко)
  • Биохимия лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. Р.У. Бейсембаева)
  • Биотехнология лабораториясы (лаб.меңгерушісі б.ғ.к., доцент К.Қ. Богуспаев)
  • Биоинформатика лабораториясы (лаб.меңгерушісі б.ғ.д., проф. А.Т. Иващенко)

Биофизика және адам және жануарлар физиологиясы бөлімі (бөлім меңгерушісі б.ғ.д., проф. С.Т. Тулеуханов)

- Биоэнергетикалық жуйелер лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. В.М. Инюшин);

-Хронобиология және экологиялық физиология лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. С.Т. Тулеуханов);

- Хронобиология және экологиялық физиология лабораториясының ұжымы;

Эволюциялық биология бөлімі (бөлім меңгерушісі б.ғ.д., проф.Н.М. Мухитдинов)

- өсімдіктер биоморфологиясы лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. Н.М. Мухитдинов;

- гистология және клеткалық биология лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.д., проф. С.Т. Нуртазин;

- су қоймаларының биоөнімділігі лабораториясы (лаб. меңгерушісі б.ғ.к. доцент Г.М. Дукравцев);

Ғылыми іс-шаралары

Институттың негізгі міндеті ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыздандыру, жоғары маманданған кадрларды дайындау, зерттеу нәтижелерін алу және оларды Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруге және тұрақтандыруға бағытталған өндірістің сәйкес салаларына және биология факультетінің оқу прцессіне ендіру.

Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология мәселелері институты келесі негізгі бағыттарға ие:

Фундаментальді зерттеулер

Жануарлар және өсімдіктер организмінің нысана клеткаларындағы гормональді реттелу механизмін зерттеу;

  • Про- және эукариоттардың геном экспрессиясын және құрылымдық-функционалдық ұйымдасуын эерттеу;
  • Астық тұқымдастар дәндері клеткаларының онтогенетикалық программаланған өлімін бақылау механизмін зерттеу ;
  • Әр типтегі цитоплазмалық аталық стерилділікке ие жүгері линияларының геномын талдау;
  • Қалыпты және стресс жағдайларында биожүйелердің уақытша ұйымдасуының ерекшеліктерін зерттеу;
  • Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың кей топтарының филогениясын, және морфологиялық эволюция жолдарын зерттеу;
  • Жануарлардың тыныс алу, ас қорыту және репродуктивтік жүйе органдарының жағымсыз орта факторларының әсеріне резистенттілігінің және адаптогенезінің клеткалық механизмін зерттеу;
  • Қазақстан биофлорасын зерттеу.

Қолданбалы бағыттары:

  • Жанар майдың альтернативті түрлерін (биоэтанол, биогаз және т.б.) алу мақсатында органикалық қалдықтарды өңдеу биотехнологиясы ;
  • Қоршаған ортаны қорғау үшін биотехнологиялық препараттарды құрастыру
  • Ауыл шаруашылығы және медицина үшін экологиялық таза өнімдерді және биотехнологиялық препараттарды (жемдік белоктар, пробиотиктер, БАҚ, биогумус вермикультура-өндірісі, вакциналар және т.б.) алу технологиясын құрастыру
  • Өндірістік мақсатта микроорганизмдер мен ашытқыларды дақылдау, коллекциясын кеңейту және сақтау
  • Ортаның жағымсыз биотикалық және абиотикалық факторларына тұрақты ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын алу
  • Биоинформатика. Әртүрлі ауруларды диагностикалау және генетикалық себептерін анықтау

Қалыптасу уақытынан бастап институт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетіндегі оқу ісінің негізгі орталығы болып табылады. Және де факультеттің барлық кафедраларымен тығыз байланыстар орнатқан.

Магистерлік диссертациялар мен бітіру жұмыстарының тақырыптары Институт лабораторияларында атқарылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыста.Бакалаврлар бітіру жұмыстары, магистерлік диссертациялар мен Ph.Dдокторанттар диссертациялары Институт лабораториялары базасында орындалуда.

Институт шеңберінде ҚР ҰҒА, Аграрлы Зерттеулер Ұлттық Орталығының, Ұлттық Биотехнологиялық Орталықтың, Халықаралық гранттардың (INTAS, Inco-Copernicus, USAID)фундаментальді және қолданбалы зерттеу бағдарламалары бойынша 30-дан астам ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша 35-тен астам авторлық куәліктер, 25 патент және 20 шақты ҚР, РФ предпатенттері алынған. 7 монография, 3000-нан астам мақалалар мен тезистер жарияланып, 5 жинақ жарық көрген.

Институт кең ауқымды халықаралық байланыстарға ие. Институт ғалымдары Европа, АҚШ, Рессей және Қытай елдеріндегі әріптестерімен бірлесе қызмет жасайды.