Жасөспірімдер арасындағы күрес бойынша әлем чемпионаты

25.09.2018

Көрулер: 3330

2018 жылғы 19-25 қыркүйек

Словакия, Трнава.

Жасөспірімдер арасындағы күрес бойынша әлем чемпионаты.

45 елден 250 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 6-шы командалық орынды иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үш студенті еркін күрестен турнирге қатысты.

92 кг салмақ санатында екінші орынды (22 қатысушы) «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің, дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті - АЛИШЕР ЕРҒАЛИ алды.

«Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің, дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті- ҚАЛЖАН РУФАТ 57 кг салмақ санатында (25 қатысушыдан) 6-орынға ие болды.

«Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің, дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті - ҚАЙПАНОВ НҰРҒОЖА 70 кг салмақ санатында 7 орынды иеленді (22 қатысушыдан).

Университеттік спорт клубы спортшылар мен жаттықтырушыны құттықтайды - Келгенбаева Э.К.