«Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйе шаруашылығына этнографиялық және этноэкологиялық бағытта ғылыми іс-сапар

28.10.2022

Көрулер: 750

Археология, этнология және музеология кафедрасы 2022 жылдың 27 қазан күні Алматы облысы, Ақши елді мекені мен Күрті өзені аңғарындағы алқапқа, «Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйе шаруашылығына этнографиялық және этноэкологиялық бағытта ғылыми іс-сапар ұйымдастырды.
Ғалымдар тобының құрамы:
Картаева Тәттігүл – профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф (топ жетекшісі);
Эврим Олчер Озинель – ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының Материалдық емес мәдениет мұралары бойынша халықаралық комиссия мүшесі, Туркия ЮНЕСКО Ұлттық комиссиясының мүшесі, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD (Туркия, Анкара);
Сала Ренато – «Геоархеология» Халықаралық лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, археолог (Италия);
Деом Жан-Марк – «Геоархеология» Халықаралық лабораториясының аға ғылыми қызметкері, археолог (Бельгия).
Этнограф ғалымдар түйемен байланысты этношаруашылық, этнозоология, этномедицина; геоархеолог ғалымдар түйе жайылымын қамтамасыз етумен байланысты геоэтноэкология, геоэтноботаника бағытында алдын-ала бақылау, барлау жұмыстарын жүргізді.
Ғалымдар тобымен «Дәулет-Бекет» ЖШС директоры Сыдық Әбуұлы Даулетов жұмыс жасады.