«Қазақстан археологиясы, этнологиясы және Отан тарихының өзекті мәселелері: қазіргі практикасы мен даму бағыты» тақырыбында «Шәлекенов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

12.05.2022

Көрулер: 1021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2022 жылдың 16 мамырында «Қазақстан археологиясы, этнологиясы және Отан тарихының өзекті мәселелері: қазіргі практикасы мен даму бағыты» тақырыбында «Шәлекенов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

 

Конференцияда келесі секциялар бойынша өзекті мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

1. Қазақстан археологиясының ғылыми зерттеулерінің басым бағыттары

2. Қазақстан этнологиясының құндылық бағыттары мен болашағы

3. Отан тарихының өзекті мәселелері

3. Ұлы Жібек жолы және Еуразия халықтарының өзара қарым-қатынасы.

4. Қазақстандағы музеология жұмыстарының инновациялық дамуының заманауи мәселелері            

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және түрік.