Боралдай – ғасырлар куәсі

18.04.2022

Көрулер: 930

18 сәуір 2022 жылы «Шаңырақ-1» ықшам  ауданында орналасқан «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Боралдай – ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық,  мәдени іс-шара өтті.
​Туған жер мен туған табиғатты аялап, тамыры терең тарихымызды насихаттауға арналған бұл шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетімен бірлесіп ұйымдастырды.
​Жоспарланып отырған мерекелік іс-шараның басты мақсаты – ғасырлар куәсі болған, тарихы тереңнен тамыр алатын ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылды.
​Іс-шара барысында қонақтар Алматы қаласы аумағындағы ескерткіштер туралы толық мағлұмат алып, мерекелік концерттік бағдарламаға, қызықты викторинаға қатысты.