Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының жетекшілігімен «Қазақстанның шөлді атырабтарының егіншілік-малшаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері» атты ғылыми жоба бойынша далалық зертте

02.10.2021

Көрулер: 828

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызының жетекшілігімен «AP08856696 - Қазақстанның шөлді  атырабтарының егіншілік-малшаруашылық ландшафтарын этнографиялық және геоархеологиялық зерттеу: игеру мен бос қалдырулардың тарихи себептері» атты ғылыми жоба бойынша 2021 жылы кешенді этнографиялық-геоархеологиялық зерттеу келесі бағыттар бойынша жүргізілді: Шу өзені аңғары, Мойынқұм құмдары, елді мекендері, Аққайнар, Мәтібұлақ, Бөрішолақ елді мекендері, Қапшағай, Іленің шөлді, жартылай шөлді аймақтары. Аққайнар, Мәтібұлақ, Бөрішолақ елді мекендерінен байырғы қоныстар, байырғы мал шаруашылығы ауылдары, өазіргі малшы ауылдар, қуаңшылықтың әсері, төрт түлік малдың бағымы, табиғи су көздерін пайдалану зерттелді.