Іс-шаралар күнтізбесі

Археология,этнология және музеология кафедрасының 1 курс студенттері тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі археолог-ғалым Мадияр Елеуұлымен кездесу өтті.

01.03.2022

 

01.03.2022 ж. Археология,этнология және музеология кафедрасының аға оқытушылары Ж.М.Терекбаева, Б.Б. Бесетаев және оқытушы А.Е.Ерғабыловтың ұйымдастыруымен кафедраның 1 курс студенттеріне тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі археолог-ғалым Мадияр Елеуұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Алтын Орда, Қазақ хандығы қалаларының зерттелуі, орналасуы мен бұзылу тарихы, ортағасырлық қалалардың суландыру жүйесі туралы тың деректермен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

№146 мектеп-лицейі оқушыларына белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Омаров Ғани Қалиханұлымен кездесу

01.03.2022

"Тарих" мамандығының 4 курс студенттері педагогикалық практика аясында Алматы қаласы №146 мектеп-лицейі оқушыларына белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Омаров Ғани Қалиханұлымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Қазақстан археологиясы, соның ішінде Шығыс Қазақстан археологиясы: зерттеулері мен нәтижелері туралы ақпараттар берілді. Оқушылар археология саласы бойынша қызықтыратын сұрақтарын қойып, кездесу жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушылары «Ұлы Дала Елінің археологиялық мұрасы» атты көрмесі ұйымдастырылды

23.02.2022

2022 жылдың 23-ші ақпан айында «Ұлы Дала Елінің археологиялық мұрасы» атты көрмесі Алматы облысы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы В.Г. Белинский атындағы ОМ ұйымдастырылды. 10-шы сынып оқушыларымен кездесіп, археология, этнология және музеология кафедрасының білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Ұйымдастырғандар: Мейірманова Г.А., Баудиярова Қ.Б., Терекбаева Ж.М., Ерғабылов А.Е.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті М.Қ. Егізбаева дәстүрлі қазақ этнографиясы туралы "Домбыра" ұлттық телеарнасында

23.02.2022

23.02.2022 ж. Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті М.Қ. Егізбаева дәстүрлі қазақ этнографиясы туралы "Домбыра" ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, кафедрадағы мамандықтар туралы да ақпарат айтылды.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы музейінде Алматы қаласының орта ғасырлардағы тарихына қатысты мәселелер бойынша ғалымдар дөңгелек үстелде бас қосты

22.02.2022

2022 ж. 22 ақпанында Алматы қаласы музейінде Алматы қаласының орта ғасырлардағы тарихына қатысты мәселелер бойынша ғалымдар дөңгелек үстелде бас қосты.
Алатаудың баурайындағы әсем қала – Алматы қаласының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты археологиялық зерттеу жұмыстары және жазба деректер мен нумизматикалық материалдар бойынша қаланың атауы, сонымен қатар табылған жәдігерлерге қатысты мәліметтер қатысушылар назарына ұсынылды. Дөңгелек үстелге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Жұмаділ Арман Қабдешұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, орта ғасыр археологиясы бөлімінің меңгерушісі Ақымбек Ералы Шардарбекұлы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Бесетаев Бауыржан Берқанұлы қатысты. Дөңгелек үстелге музей қызметкерлері, жас ғалымдар және мектеп мұғалімдері қатысып, қала тарихына қатысты өз сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген археолог Е. Ақымбек Алматы қаласы аумағындағы орта ғасырларға жататын ескерткіштердің орналасқан орны мен жасын анықтау мәселесіне қатысты ортағасырлық жазба деректердегі «Алмату» атауы мен нумизматикалық деректердегі мәліметтерді ұсынды. Жиын өте жоғары деңгейде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Шығыс Қазақстан археологиясы: соңғы зерттеулер нәтижелері"

21.02.2022

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, сәндік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен "Шығыс Қазақстан археологиясы: соңғы зерттеулер нәтижелері" тақырыбында археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Омаров Ғани Қалиханұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев Алматы қаласының №177 мектептің 10-11 класс оқушыларымен кездесті

19.11.2021

19 қараша күні Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Р.С. Жуматаев Алматы қаласының №177 мектептің 10-11 класс оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, оқушыларды қызықтырған "Археология" саласы туралы тың деректермен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

"Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының 3-4 курс студенттері Ә.Қастеев мемориалдық музейінде

16.11.2021

Археология этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Қ.Баудиярова "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының 3-4 курс студенттеріне Ә.Қастеев мемориалдық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>