Орыс тіліне арналған тұңғыш республикалық олимпиада болып өтті.

01.04.2016

Көрулер: 2628

2016 жылы 1 сәуірде "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының ұйымдастыруымен орыс тіліне арналған тұңғыш республикалық олимпиада болып өтті. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер келіп қатысты. Өз ЖОО-да өткен жарыстардан сүрінбей өткен жеті топ бір-біріне лайықты қарсылас бола біліп, қызықты сайыс көрсетті. Қазылар алқасы студенттердің тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, грамматика және орыс тілінің әдебиеті бойынша білімдерін бағалады.

Орталықтың ұйымдастыруымен өткен бұл үлкен іс-шара өте жоғары деңгейде өтті және де қатысушылардың барлығының көңілдерінен шыға білді.