ҚазҰУ-де БҰҰ-ның 70 жыл толуына орай конференция өтті

03.03.2015

ҚазҰУ-де БҰҰ-ның 70 жыл толуына орай конференция өтті.

ҚазҰУ-де БҰҰ-ның 70 жыл толуына орай "мықты БҰҰ, дамыған әлем" атты ғылыми-тәжірибелік конференция.

Іс-шара білім және ғылым министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілдігінің қолдауымен өтті. Конференцияның ашылуын ректор Ғ. Мұтанов бастады. Конференцияға Алматыдағы ЮНЕСКО, кластерлік бюросының директоры С. Лазарев. ҚР-дағы АҚШ-ның бас консулы Т. Гренчик, Алматыдағы ҚХР-ның бас консулы Ч. Вэй, Алматыдағы Ресей Федерациясы консулствосының кеңесшісі Т. Мунчаев, БҰҰ-да Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі А. Арыстанбекова және басқа да қонақтар қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын 4 секция бойынша атқарды: "Ғаламда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету", "Тұрақты даму және Post-2015 күнтізбесі", " Адам құқықтарын қорғау және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық", "Қазастан мен БҰҰ ынтымақтастығы".