2016 жылдың 20 мамырында халықаралық қатынастар факультетінде факультеттің ОПҚ-ның, басқа факультеттер мен ректорат өкілдерінің германдық делегациямен (Германия бундестагының өкілдерімен және Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы Қор өкілддігімен) кездесуі болып өтті

2016 жылдың 20 мамырында халықаралық қатынастар факультетінде факультеттің ОПҚ-ның, басқа факультеттер мен ректорат өкілдерінің германдық делегациямен (Германия бундестагының өкілдерімен және Қазақстандағы Конрад Аденаэур атындағы Қор өкілддігімен) кездесуі болып өтті. Кездесуджің ұйымдастырушысы Конрад Аденауэр атындағы қордың ресурстық профессоры, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Г.А. Мовкебаева болды. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Тюрингия ғылым, зерттеу және өнер экс-министрі, Ландтага экс-президенті, Христиан Демократиялық Одағының басқарма мүшесі Дагмар Шипански «Университет жанындағы ғылыми-зерттеу орталықтары» кездесу қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырған дәріс оқыды. Профессорлар М.А. Ауган, М.Ш. Губайдуллина, З.К. Аюпова, Г.А. Мовкебаева сұрақтар қойды.

Профессор Шипански өз дәрісінде Германияда бюджеттік қаржыландыру алатын шамамен 800 ғылыми-зерттеу мекемелері, сондай-ақ өнеркәсіптік концерндерге қарасты әр түрлі зерттеу және инновация орталықтары бар екенін атап өтті. Дәрісте Федералды үкімет пен федералды жерлер үкіметтері элиталық университеттерді қолдау бойынша Exzellenz initiative бағдарламасын жасап, жүзеге асырып жатқанына асе ерекше мән берілді. Оның негізгі міндеті ұзақмерзімді зерттеу жобаларын, сондай-ақ пәнаралық диалогты дамыту мен қолдауды үйлестіру болып табылатыны айтылды. Құрылған қауымдастықтар мен кластерлер зерттеулер мен инновациялар саласындағы өнеркәсіптік және академиялық орталықтардың жобаларын біріктіруге арналған. Дәрістен кейін делегацияның университет жетекшілігімен кездесуі болды. Кездесу барысында неміс тарабының өкілдері өздерінің университетпен ынтымақтастығын жалғастыру ниетін білдіріп, әріптестікті интенсификациялау бойынша нақты шаралар мен басымдықтарды айқындады.

Басылым күні :  21.05.2016