Бейнеконференция «Central Asia: Sustainable Development and Youth (Educational Context)»

2016 жылдың 7 сәуірінде “Фараби оқулары” атты жылдық халықаралық ғылыми форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті «G-Global» интерактивті платформасында «Central Asia: Sustainable Development and Youth (Educational Context)» халықаралық онлайн конференция өткізіледі.

Тұрақты даму аясындағы білім – болашаққа көзқарас, құндылықтарды нығайту және табиғат пен қоғамның жай-күйі туралы хабардар болу секілді барлық аспектілерін қамтитын серпінді құрамдас болып табылады. Ол жас ұрпаққа жарқын болашақ құруға мүмкіндік береді. Әлемдік білім беру кеңістігіне Қазақстанның интеграциясы бүкіл қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды фактор болып табылады.

Онлайн конференцияның мақсаты - тиімді ілгерілету нысандарын анықтау және тұрақты даму қызығушылық шеңбңрінде білім беру саласындағы ынтымақтастық.

Келесідей бағыттар бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен Орталық Азия және Қазақстан ЖОО-дары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыланады: тұрақты даму аясында ұлттық білім беру, қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізудегі жастардың рөлін арттыру, жоғары білімді жаһандандыру, және т.б.

Онлайн конференцияға қатысу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әріптес университеттер шақырылады: Мичиган Университеті (АҚШ), Скрэнтон Университеті (АҚШ), “Американдық Кеңес” (АҚШ), Томас Университеті (Канада), Назарбаев Университеті (Қазақстан), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Өткізілу мерзімі мен уақыты: 7 Сәуір 2016 ж., 19:00 Алматы уақыты бойынша

Өткізілетін орын: Алматы қ., Тимирязев к., 71, Ректорат мекемесі, ауд. 308

Байланыс ақпараты: АДЗРО(Америка және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы) директоры, профессор Кукеева Ф.Т., ұялы тел..: 8 777 265 65 47;

ХҚФ декан орынбасары, PhD доктор, Деловарова Л.Ф., ұялы тел..: 8 701 365 88 08.

Басылым күні :  01.04.2016