«Әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында онлайн бейнеконференция өткізеді

2015 жылдың 24 сәуір күні Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы «Ай тұлғасы» жобасы шеңберінде «G-Global» интерактивті алаңында «Әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында онлайн бейнеконференция өткізеді.

Онлайн бейнеконференцияның мақсаты Орта Азияда аймағында аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсерін тигізетін факторларды анықтау болып табылады.

Талқылау және интерактивті диалог барысында Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту жолдарын анықтау, сонымен қатар жаһандық қауіпсіздікті аймақтық тетіктер арқылы нығайту мүмкіндіктерін іздестіру жоспарлануда.

Онлайн бейнеконференцияның нәтижесі мемлекетердің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты қолдауға ықпалын тигізеді, осы саладағы зерттеулер мен басылымдарда көрініс табады.

Басылым күні :  24.05.2015