ӘЛ-ФАРАБИ ТҰЛҒАСЫ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ЕТІЛДІ

2020 жылдың 26 қарашасы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Алматы қалалық Білім басқармасының Түрксіб аудандық Білім бөлімімен бірлесе отырып, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған «Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық және гуманистік идеялары» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: әл-Фарабидің ғылыми мұраларына көпшіліктің назарын аудару және ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тиімді пайдалану. Конференцияда әл-Фараби трактаттарының идеялары, әл-Фараби мұрасы және жаңа дәуірдегі адамның рухани-адамгершілік қалыптасуы, әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі секілді бағыттарда тақырыптар қозғалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы.М. қатысушыларға ашылу сөзін сөйлеп, конференция модераторы болды. Алғысөзді Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №61 жалпы білім беретін мектеп директоры Мырзахметова Г.М. бастады. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Халықаралық әл-Фараби» орталығының директоры Мейірбаев Б.Б., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, ҚР мәдениет қайраткері Ислам Жеменей, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Жақыпбек Алтаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы (Нұр-Сұлтан) Төлеубаева С.А., Халықаралық мәдени дипломатия институтының президенті (Біріккен Араб Әмірлігі) Мухамад Кәмил әл-Маани, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Сулейменов П.М. баяндама оқыды.  

Конференцияға шетелдік қонақтар, ғалымдар, оқытушылық-профессорлық құрам және қалалық білім беру басқармасының қызметкерлері мен мен мұғалімдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Басылым күні :  11.02.2021