«АБАЙ ЖӘНЕ ТҮРКІ-ПАРСЫ ШАЙЫРЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2020 жылғы 23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай онлайн форматтағы «Абай және түркі-парсы шайырлары» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті.

Конференцияда Абай Құнанбайұлының тұлғалық және ақындық келбеті мен жан-дүниесінің тұңғиық ой иірімдері сөз етілді. Басты мақсат Абайды сүйер қазақ елі ғана емес, өзге де елдердің зиялыларымен Абай тұрғысында жаңаша ой қозғау болды. Бұл конференцияға алыс-жақын шет мемлекеттерден ғалымдар атсалысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан және Пәкістан секілді бірқатар елдерден мемлекет және мәдениет, білім және қоғам қайраткерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Конференцияда еркін ой негізінде сөйлеген баяндамашылар дерек пен дәйекке сүйенген құнды ойларымен бөлісті.

«Абай және түркі-парсы шайырлары» атты халықаралық ғылыми конференция бірнеше елдің ғалымдарының басын қосып, ел арасындағы ғылыми-мәдени және әдеби қарым-қатынастардың нығая түсуіне ұйытқы бола білді деп сенеміз.

Басылым күні :  11.02.2021