Біздің мақтанышымыз – Парагульгова Мадина

2020 жылдың 18-21 желтоқсаны аралығында Ақтау қаласында өткен Казақстан Республикасының Чемпионатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 1 курс студенті, дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Парагульгова Мадина 3 орынды иеленді. Аталмыш сайыс Мадинаның ересектер арасындағы өткен алғашқы чемпионаты екендігін атап өткіміз келеді.

Olympic.kz сайтындағы сұхбатында спортшы: «Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы басты мақсатым жеңіске жету болды. Мен әйелдер арасындағы жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Сондықтан маған моральдық тұрғыдан, әсіресе жартылай финалда күресу қиын болды. Тәжірибем аз болды деп ойлаймын. Карантин кезінде біз үйде жаттығуды тоқтатпадық, тек физикалық көрсеткіштер бойынша жұмыс жасадық. Бір жыл ішінде мен екі рет ғана бақ сынадым: жастар арасындағы ел біріншілігінде 1-ші, ал әйелдер арасында 3-ші орынды жеңіп алдым. Алдағы уақытта ересектер арасында сайыстарға қатысамын. Бұл маған күш береді», - деп пікір қалдырды.

Парагульгова Мадина Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында аударма ісі мамандығының студенті. Қазірде Мадина Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Өзбекстан құрама командалары арасындағы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Парагульгова Мадинаны жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Olympic.kz сайтындағы сұхбат сілтемесі https://olympic.kz/ru/article/16982-madina-paragulgova-schitayu-chto-na-chempionate-kazakhstana-mne-ne-khvatilo-opyta

Басылым күні :  09.02.2021