Махатма Гандиді еске алу күні

2021 жылы 30 қаңтар күні Алматы қаласында орналасқан Махатма Ганди атындағы саябақта үнді халқының саяси және қоғам қайраткері, Үндістан тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері мен идеологтарының бірі – Махатма Гандиді еске алу шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Ерекешева Лаура Гибратовна, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітану бөлімінің басшысы Таирова Дильназ Нурлановна, Алматы қаласындағы Үндістан классикалық биі және йога орталығының директоры Қайназарова Ақмарал, Үнді Сауда Палатасының президенті (InCham), доктор Сохел Мохаммад, шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері, Алматыдағы үнді компаниялардың өкілдері мен директорлары, сондай-ақ, Үндістанға қызығушылық танытатын өзге де адамдар қатысты.

Махатма Гандиді еске алуға арналған кезекті дәстүрлі кездесу достық қарым-қатынаста, жылы лебіздерге толы болды.


Басылым күні :  08.02.2021