ПӘКІСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ САЖЖАД АХМАД СИХАР МЫРЗАНЫҢ САПАРЫ

2021 жылдың 6 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Сажжад Ахмад Сихар мырзамен кездесу өтті.

Кездесуге деканның ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары К.Т. Габдуллин, кафедра меңгерушісі П.М. Сүлейменов, декан орынбасары Ш.Е. Қанафьева, Д.Н. Таирова және басқалар қатысты. Құрметті қонақты шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза қарсы алып, оларды шығыстану факультетінің қызметімен таныстырды. Қонақтар факультетті, ғылыми орталықтарды, бөлімдерді, «Шығыс мұражайын», «Махатма Ганди атындағы орталығын», сондай-ақ Мұхаммед Әли Джинна атындағы орталықты аралап танысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан университеттері, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастықты іске асыру барысы талқыланды.

Факультет деканы Ықтияр Палтөре мырза доктор Сажжад Ахмад Сихарға арнайы сапары үшін алғысын білдірді.


Басылым күні :  18.01.2021