Шығыстану факультетінде «Халықаралық хинди тілі» күніне арналған мерекелік іс-шара онлайн форматта өтті

2021 жылдың 15 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен «Халықаралық хинди тілі» күні онлайн форматта аталып өтті.

Кездесуге деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Е. Канафьева, ғылыми, инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі деканның орынбасары К.Т. Габдуллин, кафедра меңгерушісі П.М. Сулейменов, сонымен қатар үнді бөлімінің оқытушылары З.Е. Искакова, Д.Н. Таирова т.б. мен студенттер қатысты. Іс-шара қонақтары Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырза, Үндістанның сауда палатасының (InCham) президенті, доктор Сохел Мохаммад, сондай-ақ Қазақстанның үнді іскер азаматтары қатысты. Халықаралық хинди тілі күнін мерекелеу аясында Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетімен бірге поэзия сайысы мен викторина ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға біздің факультетіміздің үнді бөлімінің студенттері ғана емес, Үндістанның өзінде әртүрлі мамандықтарда оқыған жастар, сонымен қатар Үндістан елшілігінде хинди тілін оқитын үндістанның әуесқойлары қатысты.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы үнді мәдени орталығынан 300-ден астам хинди тілінде кітаптар сыйлық ретінде алды.

Мерекелік іс-шара еркін ой негізінде өтті. Үнді елшілігінде қызмет ететін өкілдер мен іскер азаматтар ұйымдастырушыларға, оқытушылар мен студенттерге Үндістан мен хинди тіліне деген осындай сүйіспеншілігі мен құрметі үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Басылым күні :  18.01.2021