«Абай және шығыс шайырлары» атты мәдени кешке шақыру

2020 жылдың 23 қазанында сағат 15.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Парсы тілі бөлімі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметі бірлесіп «Абай және шығыс шайырлары» атты мәдени кеш онлайн форматында өтетіндігін хабарлаймыз. Мәдени шара Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы аясында өткізіледі. Шараның мақсаты: қатысушыларды Абай ақынның ақындық шабытын оятқан шығыстың танымал шайырларының көтерген басты тақырыптармен таныстыру.

Бұл шараға ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметі бөлімінің мамандары, шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысады деп жоспарлануда.

Басылым күні :  23.10.2020