«Ислам контекстіндегі гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2024 жылғы 08 сәуірде «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасы, гендерлік теңдік пункті шеңберінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының эдвайзері А.Е. Жумадилова «Шығыстану» мамандығының 2 курсы және «Исламтану» мамандығының 1 курсы үшін «Ислам контекстіндегі гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде ислам келгенге дейінгі әлемдегі әйелдердің жағдайы, исламдық феминизм ұғымы, құқықтық мәселелер, әйелдердің қаржылық құқықтары, түрлі ислам елдеріндегі әйелдердің қазіргі жағдайы және т. б. мәселелер қаралды. Студенттер Қазақстандағы әйелдің жағдайын талқылады, Бешімбаев ісі бойынша өздерінің азаматтық көзқарастарын білдірді және гендерлік теңдікке қатысты кейбір мәселелерді шешуді ұсынды.

 

Басылым күні :  10.04.2024